Алматыда қаралы қауым Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда қаралы қауым Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоштасу рәсіміне министрлік пен әкімдік өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым, марқұмның туған-туыстары, дос-жарандары қатысты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының көңіл айту хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды.

Сурет: Zakon.kz

Марқұм Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленетін болады.

Сурет: Zakon.kz

Жаназа асы бүгін сағат 13:00-де Құрманғазы көшесі, 44 үй мекенжайындағы Қабылдау үйінде болады.  Ал қонақ асы - сағат 18:00-де Достық даңғылы, 304 үй мекенжайындағы "Жалын" мейрамханасында.  

Сурет: Zakon.kz

Айта кетсек, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасына қараған шағында дүниеден озды (1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауылында дүниеге келген). Ол - қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, драматург, ғалым, қазақтың тұңғыш роман-эпопеясы - "Абай жолының" авторы Мұхтар Әуезовтің баласы.

1965 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын филолог-шығыстанушы мамандығы бойынша бітірді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елді өзгертуге белсене қатысты. Әуезов "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті (1989-1990) болды. Парламент депутаты болып, әдеби зерттеулермен айналысты, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш елшісі қызмет атқарды.

Мұрат Әуезов 2007 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы қорды басқарып келді; І дәрежелі "Барыс" орденінің иегері.


Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: