Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайына қатысты пікір білдірді

Сурет: facebook/advocatekz
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 17 маусымдағы брифингіде Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың хал-ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Айбек Смадияров дипломаттардың Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста екенін айтты.

"Ол өзін жақсы сезінетінін айтты, қажет болған жағдайда оған дипломаттар барады, онымен үнемі хабарласып тұрады, оның жағдайын біліп отырады", - деді ол.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз