Қазақстанда АЭС салу бойынша жария талқы қай қалада өтетіні белгілі болды

Сурет: pixabay
Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды обласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі 2024 жылғы 29 маусымда ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды обласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр. Жария талқылау өткізілетін орын: Қарағанды қаласы, "Қоғамдық келісім" КММ, Кеншілер даңғылы, 64. Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 5 шілде сағат 15.00-де", делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алатыны да нақтыланады.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болған.

Сонымен қатар, Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды