Қазақстанда тарифтерді қалыптастыру ережелері өзгерді

Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 27 маусымдағы бұйрықпен тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қандай тауарлар стратегиялық болып табылатыны нақтыланады, бұл:

Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы тарифті оңайлатылған тәртіппен бекітуге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жария тыңдаулар өткізеді.

Жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы оңайлатылған тәртіптегі тарифтің жобасын талдау бойынша жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.

Тарифті өзгертуге берілген өтінімге:

уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту себептері көрсетілген түсіндірме жазба;

осы Қағидаларға сәйкес Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидаларына сәйкес тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте, стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда тарифтік сметада стратегиялық тауарларды пайдалануды және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған тарифтердің (бағалардың) өзгеруін қамтитын шығындардың баптары ғана түзетіледі;

уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту қажет екенін растайтын құжаттар қоса беріледі.

Стратегиялық тауарлардың құны және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтер (бағалар) өзгерген жағдайда, тарифті бекітуге берілетін өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу бойынша конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептемелері, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген техникалық ысыраптардың есептемелері, стратегиялық тауар шығыстарының нормалары қоса беріледі.

Уәкілетті орган ведомствосының тарифтің қолданылу мерзімі өткенге дейін оны өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:

Тариф уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша өзгерген жағдайда субъект тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есептемелер мен материалдарды (шарттардың, орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелерін, баланстық және қалдық құнын, қызмет ету мерзімін, жылдық амортизацияны көрсете отырып, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесін) ұсынады.

Тарифтердің және тарифтік сметалардың жобаларын қалыптастыру көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес, уәкілетті органмен келісілген субъект әзірлейтін және бекітетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесінің негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны қалыптастыру кезінде шығындар осы тарауға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасына және Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қуаты аз субъект тариф өзгергенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жария тыңдаулар өткізеді.

Жария тыңдауларды өткізудің күні және орны туралы ақпаратты және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені қуаты аз субъект оларды өткізгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ол болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосына интернет-ресурсында немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру үшін береді.

Бұйрық 2024 жылғы 9 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: