Жетісуда Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебі ашылады

Сурет: facebook
Жетісу өңірінде журналистика саласын дамыту мақсатында алдағы уақытта есімі елге танымал журналист Бейсен Құранбектің есімімен аталатын арнайы мектеп ашылуы жоспарланған. Ағымдағы жылы жоба аясында 150 журналист кәсіби біліктілігін арттырмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастама Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен "Аяулы алақан" қоғамдық қорымен ұйымдастырылған.

Әлеуметтік жоба өңірдегі БАҚ өкілдерінің, баспасөз қызметкерлері, блогерлер мен журналист-студенттердің кәсіби және сараптамалық әлеуетін біліктілігін арттыруға, облыста өңірлік журналистер пулын құруға бағытталған.

"Аяулы алақан" қоғамдық қорының қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Жансерік Байденовтың айтуынша, оқыту бағдарламасы кезең-кезеңмен "Медиа сауаттылық, медиа этика", "Дата журналистика и фактчекинг", "Мультимедиалық журналистика", "Мобилография негіздері", "Копирайтинг" бағыттары бойынша оқыту курстары бойынша ұйымдастырылады. Оқыту курсының тыңдаушылар арасында 10 адамға "Үздік журналистикалық сараптама жұмыстарының авторы" ретінде 20 мың теңге ақшалай сыйлықтар және диплом беру қарастырылған. Жалпы жүлде қоры - 200 мың теңге.

Жобаның тағы бір маңызды тұсы - 100 мың теңге көлемінде Бейсен Құранбек атаулы бір реттік шәкірт ақысын тағайындалады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы