Көлік министрі биыл Қазақстанда қандай жолдар пайдалануға берілетінін айтты

9 шілдеде ҚР Премьер-Министрі төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев биыл Қазақстанда қандай жолдар пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Қарабаев ағымдағы жылы жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтитынын айтты.

"Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл – бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі", — деді көлік министрі Марат Қарабаев.

Ұзындығы 879 шақырым болатын "Қарағанды – Алматы" жолының 400 шақырымында асфальт төсеу толықтай аяқталды, қалған учаскелерінде жұмыстар жалғасуда.

"Шілде айында аталған жолдың 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға беріледі",- деп нақтылады министр.

Ал, жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын "Талдықорған – Өскемен" автожолының 751 шақырымында асфальттың төменгі қабаты, ал үстіңгі қабаттың 391 шақырымы төселген.

"Шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдануға беріледі. Жоба бойынша жұмыстардың қалған көлемі Абай облысы Аягөз қаласының айналмалы жолында жүргізілуде".Марат Қарабаев

Сондай-ақ ұзындығы 368 шақырым болатын "Атырау – Астрахань" және "Ақтөбе – Қандыағаш" жобалары іске асырылуда.

"Бүгінгі күні 60 шақырымы пайдалануға берілді, 102 шақырымында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды, 206 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселуде",-деп толықтырды Қарабаев.

Жалпы осы жылдың соңына дейін бұл нысандар толығымен іске қосылатын болады.

Бұдан өзге биыл автожол саласында бірнеше маңызды жобаны аяқтау көзделген:

29 мамырда Қарабаев неліктен бір жолға жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: