"ҚазАвтоЖол" жолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін ескертті

Сурет: pxhere
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жыл сайын жазда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін еске салады. Шектеулер 1 маусымнан 31 тамызға және 1 маусымнан 15 тамызға дейінгі аралықта өз күшін сақтайды. Бұл арада өңірлерге байланысты айырма бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

Сондай-ақ жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

"Мұндай шектеулерді енгізудің басты себебі – жоғары температура кезінде деформацияға бейім болып келетін асфальт жабынының бұзылмауын алдын алу. Ыстық күндері асфальт жабыны жұмсақ әрі осал кезінде ауыр жүк көліктері айтарлықтай зиян келтіреді". ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі

Қазақстандағы жүк көліктерінің қозғалысына жазғы мезгілде енгізілетін уақытша шектеулер жол инфрақұрылымын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Осы ережелерді сақтау арқылы жолдардың ұзақ қызмет етуіне және олардың жөндеу жұмыстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік беріп, сайып келгенде жол қозғалысының барлық қатысушыларына тиімді болмақ.   

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме