Түркістан облысында 13 млн айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері сот орындаушылармен бірлесіп “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен айыппұлын төлемеген жүргізушілердің көлік құралдарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Сайрам ауданында қызмет атқару барысында патрульдік полицияның планшетіне жүк көлігіне қатысты сигнал түсті. Тәртіп сақшылары жүргізушісінің 7 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтаған.

Сонымен қатар Сауран ауданында Шымкент – Самара тасжолында тәртіп сақшылары тағы бір борышкердің көлігін тоқтатты. Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісінде 2 миллион теңгеден астам сомаға төленбеген берешек болған.

Сондай-ақ "Сауран" стационарлық бекетінде облыстық батальонның полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде жергілікті тұрғынның басқаруымен Kia автокөлігін тоқтатты. Автокөлік жүргізушісінің 13 миллион теңге төленбеген қарызы бар екені анықталды.

Полицейлер бұл көлік құралдарын айыппұл тұрағына қамап, борышкер жүргізушілерге берешектер мен салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды