Ұшақта заң бұзған шетелдік азамат 5 тәулікке қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Шетелдік азамат ұшақ бортында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласының әуежайына Дакка-Внукова бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, әуекомпания өкілдерінің актісі бойынша рейстен түсіріп алды.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматын анықтады. Ер адам ұшу кезінде мас күйде болып, экипаждың талаптарын орындамаған және әуеакомпания қызметкерлерін балағаттаған. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі шеккен.

Ресейлік азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін 23 АЕК мөлшерінде айыппұл салына отырып және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен шетел азаматы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды