Алматы әуежайының жаңа терминалын су басты

Сурет: видео скрині
Алматы әуежайында толассыз жауған жаңбыр салдарынан жаңа әуежай терминалын су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатты лайлы жауын-шашын салдарынан перрон жағындағы нөсер канализациясы ішінара бітеліп қалған.

Әуежайдың баспасөз қызметі биіктік айырмашылығына байланысты ескі және жаңа терминалдар арасында су жиналып, халықаралық рейстердің келу залын су басқанын мәлімдеді.

Бұл мәселені шешу үшін әуежайдың барлық қажетті қызметтері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта техникалық қызметтер нөсер канализациясын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Халықаралық рейстердің ұшып кету аймағында рейстерге қалыпты жағдайда қызмет көрсетіледі. Ұшып келетін рейстерге уақтылы қызмет көрсету үшін барлық қажетті шаралар қолдануда. Осы салдардан туындаған барлық зардаптар жақын арада жойылады. Жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Біз сіздің шыдамдылығыңыз бен түсіністігіңізді бағалаймыз және бұндай қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз".Алматы әуежайы


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз