Қызылордада іздеуде жүрген 36 қылмыскер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қызылордада полицейлер аса ірі көлемде алаяқтық жасап, тергеуден бой тасалап жүрген облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (Алаяқтық) күдікті қатарында танылып, тергеуден бой тасалап, Атырау қаласында іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғынын қолға түсірді. Анықталғандай, бұл азамат алаяқтық жолымен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген.

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 37 жастағы күдіктіні облыс орталығында ұстады.


Қылмыскерлерді іздеу тек ел аумағымен шектелмейді. Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттерде де жүзеге асырылады. Жыл басынан бері қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген 36 қылмыскерді құрықтап, хабар-ошарсыз кеткен 24 азаматты іздеп тапты. Іздеу шараларына еріктілер де белсенді қатысады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді