Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирде тағы бір сенсация жасады

Сурет: ktf.kz
Швецияның Бостад қаласында ATP 250 санатындағы турнир (топырақ төсеніші) өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (223 ATP) жекелей сында екінші айналымдағы кездесуін Нидерланд спортшысы Таллон Грикспурға (27 ATP) қарсы өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші Бостадта атақты ойыншыны 1:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтып, сенсация жасады.

Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Скатов бір эйс пен бір қос қате жасап, бес брейк-понкттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалда Тимофей Скатов португалиялық Энрике Роша мен Нуно Боржес арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші іріктеу арқылы негізгі ойынға шыққан еді. Скатов карьерасында алғаш рет ATP турнирінде қатарынан екі матчта жеңіске жетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді