Семейде қызын зорлап, ұлды азаптап өлтірген адам сотталды

Сурет: freepik
Семейде жұрттың жағасын ұстатқан қылмыс жасаған қаскөй жазасын алды. 9 жасар туған қызын зорлап, өзгенің 4 жасар ұлын азаптап өлтірген адам мір бақи бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2023 жылы қыркүйек айында болған. 38 жастағы тұрғынның әйелі үйінде жұрттың баласын бағумен айналысыпты. Төрт жасар ұлды шешесі төрт айға қалдырып, жұмысқа кеткен. Осы уақыт ішінде олар бүлдіршінге көрсетпегені жоқ. Бала күтушінің күйеуі ақыры бөбекті ұрып өлтіріп, мәйітін жол бойындағы дәретхананың шұңқырына апарып тастаған.

Қаскөй үйіндегі балалардың көзінше жалаңаш жүріп, тоғыз жасар туған қызына сексуал сипаттағы әрекеттер жасапты. Енді осы қылмысы үшін өмірінің соңына дейін абақтыда отырады.

Ал күйеуінің қылмысын жасырып, балаларға араша түспеген әйелі де жаза арқалады, деп хабарлады КТК телеарнасы.

"Ер адам өмір бойы жазасын өтейтін болады. Ал оның әйелін екі жыл алты айға бас бостандығынан айыруға шешім шығардық. Педагог лауазымын атқару құқығынан 3 жылға айырылады. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ". Назгүл Әбдуәлиева, судья
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек