Түркістанда оқушы қыз анасы смартфон алып бермегені үшін үйінен кетіп қалған

Сурет: pixabay
Түркістанда 13 жастағы қыз үйінен кетіп қалған. Жасөспірім ұялы телефон сатып алып бермегені үшін анасына ренжіген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлерге қала тұрғыны кешкі сағат 19:00 шамасында арызданып келген. Оның айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. Баласын өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларына кіріскен.

"Тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол саябақта достарымен бірге серуендеген. Тексеру барысында жас қыз ұялы телефон алып бермегені үшін анасымен ренжісіп, үйінен шығып кеткені анықталды. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды", - делінген полиция мәліметінде.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді