Алматыда субұрқақта көз жұмған бозбаланың өліміне қатысты сараптаманың шықты

Алматыда субұрқақта тоқ ұрып, қаза болды деген жасөспірім өліміне қатысты сарапшылар тоқ етерін айтты. Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығының мамандары бозбала суға тұншығып өлді деген тоқтамға келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшының айтуынша, 17 жастағы жігіт суға түскен кезде тыныс алу жолдары жабылып қалған. Содан туындаған механикалық асфексиядан көз жұмды, дейді мамандар. Мұны зертханадағы тексеріс растап отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Сондай-ақ сарапшы жас жігітті электр тоғының соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 маусым күні болған.

17 жастағы мектеп түлегі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне ҰБТ тапсыруға келген.

Селфи жасамақ болған жігіт субұрқаққа құлап, оқиға орнында мерт болды.

"Өлім суға батқанда тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған".Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов
Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: