Шымкенттің бас ұстазы қызметінен кеткені туралы ақпаратты білім басқармасы растамады

Сурет: Шымкент білім басқармасының баспасөз қызметі
Желіде Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда ведомство мұны растамады. Қаланың бас ұстазы еңбек демалысында екен.


"Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының қызметінен кеткені туралы ақпараттың жалған екенін ресми мәлімдейміз. Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап еңбек демалысында. Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ұлжан Төлен.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді