Мекенжайды тағайындау және жою: ережелер бекітілді

Сурет: Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м. а. 2024 жылғы 19 шілдедегі бұйрығымен "жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайын беру/жою жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz. "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Қызмет тегін түрде жүзеге асады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі:

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою үшін:

Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

Бұдан басқа, порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414" бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Бұйрық 2024 жылғы 24 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы