"Көзі қызарып тұр" деп ұшырмай қойған: Air Astana оқиғаға қатысты түсінік берді

Сурет: Zakon.kz
Қазнетте қыздың көзі қызарып тұрғаны себепті ұшағынан қалып қойғаны айтылатын видео талқыланып жатыр. Air Astana оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

TikTok-та "к_набиева" есімді қолданушы видео жариялады. Онда жолаушы белгісіз себептермен рейске кіре алмағанын және алкоголь мен есірткіге қатысты медициналық тексеруден өтуге дайын екенін айтады.

Алайда видеода оның көздері қызарып тұр, сол себепті оны стюардессалар мас болуы мүмкін деп ойлаған. Соңында ол ұша алмаған.

Air Astana әуекомпаниясы 26 шілдедегі КС969 рейсінің жолаушысын "Алматы-Шымкент" бағыты бойынша тасымалдаудан бас тартқанын, себебі оның алкогольдік мас болу салдарынан жүріс-тұрысы әуекомпания қызметкерлерін алаңдатқанын хабарлады.

"Мұндай мiнез-құлық ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн. Аталған факті бойынша желілік полоция бөлімінің қызметкерлері қажетті актілерді ресімдеу үшін шақырылды. Кейіннен сараптама барысында қандағы алкогольдің болуы расталды".Air Astana әуекомпаниясы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды