Алматы облысында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт даладағы әжетханаға құлап, улы газға тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.

Әлеуметтік желіде ер адамдардың бірі ұялы телефонын әжетханаға түсіріп алып, оны алып шығуға тырысқанын жазып жатыр. Ал екінші ер адам біріншісін құтқарғысы келген.

"Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз", - деп хабарлады РЖҚЖ баспасөз қызметі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды