Тоқаев күзде Түрікменстанға барады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты