Масаң күйдегі екі ер адам көлік полицейлеріне қарсылық танытты

Сурет: polisia.kz
Достық станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жалаңашкөл станциясының аумағын патрульдеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған Қарағанды облысының 50 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам мас күйінде болып, билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамай қарсылық танытты.Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ұсталған адамнан орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар сот шешімімен ер адам құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 2 тәулікке қамауға алынды.

Дәл осыған ұқсас факті Бейнеу станциясында да анықталды. Бұл жолы Маңғыстау облысының 26 жастағы тұрғыны масаң күйінде болып полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған.

Оған қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Айта кету керек, бұл азамат бұған дейін бір жыл ішінде жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған