Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан бес бала мен үш ересек адам қаза тапты

Сурет: pixabay
2024 жылғы 7 тамызда Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, сағат 10:10 шамасында "Самара – Шымкент" халықаралық тасжолының 862-шақырымында (Хромтау ауданы аумағы) MAN жүк көлігі мен Toyota Ipsum соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде үш бала бар. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар мен олардың ата-анасы футбол жарысына басқа облысқа бара жатқан", - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол апатының себептері анықталып жатыр.

Кейінірек полиция департаментінің баспасөз қызметі Toyota Ipsum көлігінен тағы екі баланың денесі шығарылғанын хабарлады.

"Жол апаты салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапты", - деп хабарлады полиция департаменті.
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды