Ұшақ бортында темекі шеккен Ресей азаматына айыппұл салынды

Сурет: polisia.kz
Көліктегі полиция департаменті қызметкерлерімен жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе кемесінен 351 азамат түсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 173, ұшақ бортында темекі шеккені үшін – 136, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 19 және тағы басқа.

Мәселен, Инчхон – Астана бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзған жолаушы әйелді анықтап, ұстады.

Тексеру барысында Ресей Федерациясының 49 жастағы азаматшасы әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккені анықталды.

Шетелдік әйел әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі