Комиссия құрылды: Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларына тексеру жүргізілетін болды

Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 14 тамызда Азаматтық авиация комитеті маңызды мәлімдеме жасады. Мәлімдеме "Air Astana" АҚ және "FlyArystan" АҚ әуе компаниялары рейстерінің кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Air Astana" мен "FlyArystan" АҚ-тардың техникалық себептерге байланысты рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымға қатысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды". ҚР ААК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының бұйрығымен "Air Astana" АҚ мен "FlyArystan" АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні нақтыланады.

Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

14 тамызда FlyArystan әуекомпаниясы ұшақ бортында белгілі журналист және тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек