Денсаулық сақтау министрлігі бетперде тағу режимінің қайта оралуына қатысты пікір білдірді

Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2024 жылы 16 тамызда Қазақстанның бетперде тағу режиміне қайта оралу туралы бас санитарлық дәрігердің қаулысына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл талап тек медицина қызметкерлеріне арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Қазақстанда коронавирус бойынша жағдай тұрақты екенін баса атап өтті.

"Бетперде тағу режимін жаппай енгізу жоспарланбаған. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы аясында бетперде тағу режимі тек медициналық ұйымдарды және тек медицина қызметкерлерін қамтиды. Ауруханаға келушілер, науқастар үшін бетперде тағу ұсыныс сипатына ие", деп сөзін толықтырды Тимур Сұлтанғазиев.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы медициналық ұйымдардың кіре берісінде "сүзгі" құрылғысы жұмысын қамтамасыз етуді, бетпердені пайдалануды, антисептиктердің болуын көздейтін қаулыға қол қойды.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылдың басынан бері елімізде коронавирустың 1 290 жағдайы тіркелгенін хабарлаған еді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін