Бақылау күшейді: министрлік маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі маймыл шешегінің қазіргі жағдайы және еліміздің аумағында инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады". Денсаулық сақтау министрілігі

Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынды:

  1. Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдармен, егеуқұйрықтармен және басқа жануарлармен байланыста болуы мүмкін.
  2. Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.
  3. Гигиенаны сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
  4. Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз.
  5. Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз. Егер бөртпе, жоғары температура және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: