Қазақстандағы көмір электр станцияларының тозу деңгейі жоғары

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Қазақстанда электр энергиясының 70% - ы тозу деңгейі өте жоғары көмір станцияларында өндіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалиева Астанада өткен Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша көпшілік талқылауында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл станциялардың кейбірі алдағы 10 жыл ішінде пайдаланудан шығарылады. Бұл ретте елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі жылдан жылға артып келеді. Осы себепті 2035 жылға қарай арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, алдағы онжылдықта қуаттылығы 26 мың МВт станция пайдалануға беріледі. Әрине, қолданыстағы станцияларды жаңғырту және жаңаларын салу жұмыстары да қарастырылған.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Ол сондай-ақ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Жаңа жел және күн электр станцияларын салу жоспарлануда. Барлық 26 мың МВт қуаттылықтың шамамен 10 мың МВт ЖЭК есебінен іске қосылатын болады.

Мурсалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта көмір станцияларына қаржы тарту қиын. Себебі көмір станцияларының көмірқышқыл газы бойынша шығындары өте жоғары.

"Сондықтан референдум оң нәтиже берген жағдайда ғана біз екі жоғары қуатты реакторы бар бір атом электр станциясының құрылысын қарастырамыз. АЭС жасыл энергетикаға жатады және көмірқышқыл газының шығарындылары нөлге тең", - деді Гүлмира Мурсалиева.

Айта кетейік, 20 тамызда Астанада Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылаулар басталды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі