Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Сурет: pixabay
Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 тамыз сағат 23:00-ден 26 тамыз сағат 07:00-ге дейін Яссауи көшесінен Шәймерденов көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. 

Бұл аумақты шығыс бағытта Яссауи және Шаляпин көшелері арқылы, ал батыс бағытта Шәймерденов, Бекет Ата Мырзағұлұлы, 7-ші желі көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Ал 25 тамыз сағат 23:00-ден 27 тамыз сағат 07:00-ге дейін Шәймерденов көшесінен Саин көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі. 

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Аталған аумақты шығыс бағытта Шәймерденов, Бекет Ата Мырзағұлұлы, Мусин көшелері, ал батыс бағытта Саин, Шаляпин, Яссауи көшелері арқылы айналып өтуге болады. Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды