Ұшақта заң бұзған Германия азаматы жауапкершілікке тартылды

Сурет: polisia.kz
Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе кемесінен 356 азаматты түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 175, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 19, әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін – 19 тұлға және тағы басқа.

Мысалы, Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша Астана – Варшава бағытындағы әуе рейсінен құқық бұзушыны түсіріп алды.

Тексеру барысында полицейлер 49 жастағы Германия азаматын анықтады. Ол масаң күйінде болып экипаждың талаптарын орындамаған.

Шетелдік азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 8 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты