Оның айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жарақат алған 200 мыңға жуық бала тіркеледі.
"Оның ішінде балалардың 1,2% өмір бойына мүгедек болып қалады. Жағдайлардың 70%-ы үйде орын алады, балалардың 20%-ы өмірге сәйкес келмейтін жарақаттардан қайтыс болады. Мүгедек болып қалу мен түрлі себептерден болатын өлім-жітімнің алдын алуға болады",- деді Мағрипа Ембергенова.
Ол сондай-ақ, балалар арасында байқаусызда жарақаттанудың басты себептері — жол-көлік оқиғалары, суға бату, улану, құлау, термиялық күйік алу екенін айтты.
"Бұл ретте ЖКО түрлі себептерден болатын өлімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Балалар арасындағы өлім-жітімнің себептерінің ішінде суға бату екінші орында. Ата-аналар арасында жүргізілген таңдамалы зерттеу суда болған кезде балалардың жартысына жуығы жүзуге арналған қауіпсіздік құралдарын пайдаланбайтынын көрсетті: құтқару кеудешелерін, белбеулер мен жеңдерді", — деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Сонымен қатар спикер балалардың терезеден құлау жағдайларының саны өскенін атап өтті: соңғы үш жылда 1,6 есеге.
"Осы жылдың 6 айында терезеден 223 бала құлаған, оның 12-сі көз жұмды".Мағрипа Ембергенова
26 тамызда Оралдық дәрігерлер терезеден құлап кеткен екі жасар қыздың хәлі туралы ақпарат берді.