Шымкентте жиналыс үстінде ұстап әкеткен тұрғын үй басқармасының экс-басшысы сотталды

Сурет: ktk.kz
Шымкентте тұрғын үй басқармасының экс-басшысына сот үкімі шықты. Азат Момынов 216 көпқабатты үйдің сейсмика дайындығына бөлінген 120 миллион теңге қаржыны монша құрылысына жұмсағаны дәлелденіп, ол тоғыз жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Жер сілкінісі болса, тұрақты ма, тұрақты емес пе деген қорытынды беруі керек еді. Бұл қорытындының екі түрі бар, ол визуалды және күрделі, бұлар күрделі жасау керек еді. Күрделі деген цементін көреді, өлшейді, қопарады дегендей. Соның орнына бұлар формальды түрде, іс бойынша жауап алған куә бар, визуалды түрде, барады да, үйді көреді, мына жағы дұрыс, мына жағы дұрыс емес, мына жағынан жөндеу қажет деп қана".Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот судьясы Әйнел Орақбаева

Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарған Азат Момыновты ақпан айында қала басшысы Ғабит Сыздықбеков жалпы жиналыс үстінде антикорға ұстатып жіберген еді. Момынов басшының міндетін атқарған аз уақыт ішінде үйлердің сейсмика тұрақтылығын тексеруге бөлінген ақшаны Қазығұрт ауданындағы монша құрылысына жұмсағаны дәлелденіпті.

Ол аздай, жеті көпқабатты үйдің күрделі жөндеуіне бөлінген 240 миллион теңгені ауылдас кәсіпкерге аударып бергені тергеу кезінде анықталды. Осылайша қос баппен айып тағылған Азат Момынов 9 жыл арқаласа, сыбайлас кәсіпкер 8 жылға сотталды, бірақ экс-шенеуніктің адвокаты әкімнің өзі жиналыста ұстап берген сот сот көп жағдайға "көз жұма қарады" деп отыр. Мәселен, "бюджет милиондары жұмсалды" деген монша Момынов басшы болмай тұрып салынған дейді.

"Бұл монша осы қылмыстық оқиғалар болғанға дейін, 13 шілдеде, 2023 жылы пайдалануға беріліп қойған. Тиісті тіркеу орындауларынан өтіп қойған. Ал айыптауларда жарияланып отырған құқықбұзушылықтар бұл оқиғадан кейін болған".Сотталушының адвокаты Шымырбай Ағабеков
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді