Алматыдағы Есентай өзенінің бойында каскад құрылысы басталды

Сурет: pixabay
Алматыдағы Есентай өзенінің бойында өзен ағысын тежейтін жүйе салынып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

24kz ақпаратынша, каскад жүйесі судың ағынын азайтып, күн күрт жылынған кезде болатын мұз бен қар көшкінінің алдын алады. Өзен суы алып бетон құрылымдағы арнайы тесіктер арқылы өтеді де, мұз бен қоқыстарды бөгет ұстап қалады.

Мұз көшкіні жағалаудағы инфрақұрылымды зақымдады. Өзен арнасын тазарту мен қалпына келтіруге көп күш жұмсалды. Жағдай қайталанбас үшін биыл каскад құрылысы басталды",- деп мәлімдеді Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Азат Кәкетов. 

Есентай өзенінің Әл-Фараби даңғылынан жоғары бойында жүз шақты отбасы тұрады. Қала ортасындағы жағалау тұрғындар мен қала қонақтарының жыл он екі ай бойы серуендейтін сүйікті орнына айналған.

"Өзен бетіне жиналатын  мұздарды ұстауға арналған бұл жүйе арнайы сараптамадан өткен. Құрылым өте мықты. Сонымен қатар жүк көліктерінің өзен жағасына кіруіне арнайы жол жасалады. Бөгетке жиналған мұз дер кезінде тазаланып тұрады".Нұрлан Мұздыбаев, Есентай өзені бойынша учаске басшысы

Суды іркіп жіберетін нысанның құрылысы қарқынды жүруде, дәл қазір бірінші каскад үшін котлован қазылып, өзен суы уақытша лоток арқылы жіберілуде. Бетон құйылып, орнатылған соң су өзен арнасымен ағады. Дәл осындай тағы бір каскад 45 метр төменде салынады. Сондай-ақ жоғарыда Оспанов көшесіндегі көпір тұсында таудан келетін мұз бен қоқысты іркетін тағы бір тосқауыл қойылады. Каскад құрылысын алдағы қараша айынының соңына дейін аяқтау жоспарланған. «Жүйе іске қосылған соң өзен суынан келер қауіп сейіледі.

Бұған дейін Алматыда жаңа оқу жылының басына қарай жаңартылған серуендеу аймағы пайда болатындығы хабарланды. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді