Павлодарда ер адам сөмкедегі нәжісті танысының бетіне лақтырған

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда ер адам сөмкедегі нәжісті танысының бетіне лақтырған. Ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция басқармасы оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аймауытов атындағы саябақта сөмкедегі нәжісті танысының бетіне лақтырып жатқан азаматқа шара қолдану туралы хабарлама түскен.

Оған әйел адамның қарыз екені анықталды. Бұдан әрі қарызын қайтаруды күте алмаған тұрғын осындай әрекетке барған. 

"Ер адамның жеке басы анықталды, ол Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, сотта қаралды. Сот шешімімен 14 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады Павлодар полиция басқармасы оңтүстік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов. 

Полиция барлық жанжалды бейбіт немесе азаматтық жолмен сот арқылы шешкен дұрыс екенін еске салды. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды