Ұлттық
Банк бұл шешімді бүгін жариялады. Ол нақты деректер мен тәуекелдер балансына
жүргізілген талдау негізінде қабылданғаны және инфляция деңгейі мен экономика
өсіміне қатысты жаңартылған болжамдармен нақтыланғаны айтылды.
"2024-2025 жылдардағы инфляция 7,5-9,5% және 5,5-7,5% болады деген болжам өзгеріссіз қалады. 2026 жылғы болжам қайта қаралып, 5-7%-ға түзетілді. Мұның негізгі себебі – салық заңнамасын реформалау аясында фискалдық параметрлер белгісіз болып отыр... Сонымен қатар, қалыпты қатаң ақша-кредит саясаты 2026 жылы базалық инфляцияның 5%-ға дейін баяулауына ықпал етеді", - деп сендірді Ұлттық Банк басшысы.
Ол жұмсарған ақша-кредит ахуалы ставканы одан әрі төмендетуге мүмкіндік бермейтінін айтты.
"Жаңарған болжамдар тәуекелдер балансының инфляция жаққа қарай ығысқанын көрсетеді, бұл базалық ставканы 2024 жылдың аяғына дейін қазіргі деңгейде сақтаудың алғышарты болып отыр", - деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.