Семейде учаскелік инспекторға екі бөлмелі пәтер тарту етілді

Сурет: Zakon.kz
29 тамызда Әуезов аудандық полиция бөлімінің инспекторы Бауыржан Арықпаев екі бөлмелі пәтер иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституция күні қарсаңында Семейде полиция кешенді күштерінің гарнизондық тарату жиыны өтіп, оған қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

"Сіздер еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жауапкершілігі жүктелген мемлекеттік орган ретінде егемен елдің тірегі болып танылдыңыздар. Сіздерге еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін", – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ, іс-шара барысында қала басшысы бірқатар тәртіп сақшыларына алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыстады.

Жиын барысында қала әкімі үздік қызметі үшін Әуезов полиция бөлімшесінің инспекторы Бауыржан Артықпаевқа екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Жиын соңыңда полицейлердің қатысуымен салтанатты марш өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды