Жаңа қызметкерлер ведомство басшылығы мен ұжымның алдында салтанатты жағдайда еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, кәсіби міндеттерін атқаруға және мемлекет мүддесін қорғауға ант берді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әріптестерін Конституция күнімен құттықтады.
"Осыдан 29 жыл бұрын тәуелсіздігіміздің мызғымас іргетасы - еліміздің Ата заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, теңдігін қамтамасыз ете отырып, қоғамдық келісімнің негізіне айналды. Біздің басты мақсатымыз – бірлік пен ынтымақты нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау болып қала береді", - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Сонымен қатар биылғы жылы бірінші рет салтанатты шараға министрлік қызметкерлерінің 2024-2025 оқу жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған балалары шақырылды. Олардың әрқайсысына министр мектеп сөмкесін сыйлап, білім алуда сәттілік тіледі.