Алматы тауларында қар жауды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы тауларында бүгін, 2024 жылы 2 қыркүйекте қар жауды. Бұл туралы ақпаратпен "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Курорттың Instagram-дағы парақшасында тауға қар жауғаны хабарланған.

"Ауа райы жыл мезгілін аздап шатастырып алған секілді, дәл қазір 3 200 метр биіктікте қар жауып тұр. Жылы киініңіздер", делінген "Шымбұлақ" әкімшілігі дүйсенбіде жариялаған хабарламасында.

Тау шаңғы курорты ондағы ауа райы құбылысын тікелей эфирден көрсетіп, алматылықтарға ескерту жасады. Қазіргі уақытта Богданович мұздығында қар жауып тұрғаны байқалады.


Айта кетсек, бүгін оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары күннің суғын сезе алды. Таңертең сынап бағаны күрт төмендеп, мегаполисте жаңбыр жауды.

Бұған дейін синоптиктер 2024 жылдың қыркүйек айына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды