Алматыда бала сатпақ болған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңсыз саудасына күдікті қылмыстық топтың қызметін сәтті тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"25 тамызда әлеуметтік желідегі "surak.baribar" парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысы полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов.


Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды