Ресей өз жолбарыстарын Қазақстанға беруге дайын

Сурет: pixabay
Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумында "Амурский тигр" орталығының бас директоры Сергей Арамилев Ресей өз жолбарыстарын Қазақстанға беруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселе өткен ғасырдың ортасында Қазақстанда мүлдем жоғалып кеткен Тұран жолбарыстарының популяциясын жандандыру туралы. Қиыр Шығыста тұратын Амур жолбарысы генотипі бойынша Тұранға өте ұқсас.

"Қазақстан билігінің шешімін күтеміз. Егер Қазақстан бұл процесті жалғастыра берсе, онда ғалымдар мен мамандардың көзқарасы бойынша бәрі дайын және біз Қазақстанға жолбарыстардың қажетті санын беруге дайынбыз", – деп атап өтті Сергей Арамилев.

Бірінші кезеңде Қазақстанға төрт жас жолбарыс, екі еркек және екі ұрғашы әкелу жоспарлануда.

Айта кетейік, 7 тамызда Шымкент хайуанаттар бағында кішкентай пони туылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін