Маңғыстаудағы оқушылардың жаппай улануы: балалардың жағдайы туралы Денсаулық сақтау министрі айтып берді

Фото: freepik
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мектеп жасындағы балалардың жаппай тамақтан улануын тіркеу 6 қыркүйекте Маңғыстау облысы аудандарының бірінде басталғанын еске салды.

"Бүгінгі таңда 462 бала медициналық көмекке жүгінді, 92 бала ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта 17 бала шығарылды, денсаулық жағдайының тұрақтануына байланысты реанимацияда болған екі бала бөлімшелерге ауыстырылды, қалған 387 бала амбулаториялық емделуде", — деді Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, бұл жерде Денсаулық сақтау вице-министрі Астана мен Алматылық клиницистер мен санитарлық эпидемиологтар командасымен жұмыс атқаруда.

"Өлім қаупі жоқ, жағдай тұрақты, балалардың жағдайы жақсаруда", – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

2024 жылғы 7 қыркүйекте Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылының №8 орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларының тамақтан уланғаны белгілі болды. Ата-аналардың айтуынша, балалар мектеп асханасында котлет қосылған картоп пюресі жеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз