"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 16 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады. Еліміздің төрт өңірінде түнде топырақ беті қатып, үсік жүреді деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

16 қыркүйекте, таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертен Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында, орталығында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. 16 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аудандарында, 17 қыркүйекте облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанады. 16-17 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 16-17 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 17 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі, 16-17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, топырақ беті қатып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер 15 қыркүйекте де 15 өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: