Жамбыл облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

Сурет: altynalmas.kz
Бүгін, 23 қыркүйекте "Алтыналмас" компаниясы күтім жасау және жөндеу слесарь қызметкерінің қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz .

Компанияның мәліметінше, оқиға "Ақбақай" жерасты тау-кен жұмыстары учаскесінде болған. Қайғылы оқиға салдарынан күтім жасау және жөндеу слесарі Нұрдәулет Нұрмаханов кенеттен қайтыс болған.

Нұрдәулет Нұрмаханов 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап "Алтыналмас АК" АҚ "Ақбақай" тау-кен байыту кешенінің жылжымалы және стационарлық жабдықтарына күтім жасау және жөндеу учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеген. 2017 жылы жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу слесарі болып тағайындалған.

"Алтыналмас АК" АҚ оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылғанын хабарлайды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды. "Алтыналмас АК" АҚ қаза тапқан қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетеді және тиісті төлемдер бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындайды", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы