Атырауда түрме бастығының міндетін атқарушы пара алғаны үшін істі болды

Фото: pexels
Атырау қаласының №2 сотында пара алғаны үшін айыпталған түрме бастығының міндетін атқарушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таралған ақпаратқа сүйенсек, Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті "№75 мекеме" бастығының міндетін атқарушы пайдакүнемдік және заңсыз материалдық баю мақсатында пара берушінің інісін шарушылық жұмыстарына қалдырылған тұлғалардың санатына ауыстырып, тергеу изоляторында қалдыру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібімен келіп түсті, сотталушы өзінің кінәсін толықтай мойындап, жинақталған дәлелдемелердің қатыстылығына және оның жол берілетіндігіне дау келтірмей, сот отырысында оның зерттеуін талап етпегендіктен сот талқылауы қысқартылған тәртіппен қаралды.

"Сот сотталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге (параның 30 еселенген сомасы) мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды",- деп мәлімдеді сот.

Сондай-ақ, ол "әділет подполковнигі" арнайы шенінен айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Семейдегі шенеуніктің 4 мың теңге пара алғаны үшін үлкен айыппұл арқалағаны хабарланды.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды