СҚО-да тасжолда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында "Астана-Петропавл" тасжолының 435-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 25 қыркүйекте Daewoo Nexia автокөлігі мен КамАЗ 54105 жүк көлігі соқтығысқан, нәтижесінде 40 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі мен 39 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

17, 19 және 62 жастағы тағы үш жолаушы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

"ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", - деді полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз