Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.

Отырыста Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко сөз сөйледі.

Жиында ТМД Бас хатшысының орынбасары Ильхом Нематовқа "Достық" ордені, ал ТАСС ақпараттық агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашовқа ТМД грамотасы табысталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз