Ақтөбеде бес адамның өліміне кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды

Сурет: pexels
Ақтөбеде бүтін бір отбасы қаза тапқан жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Бес адамның өліміне кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды. 28 жастағы жігіт марқұмдардың туысы екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, соттағы соңғы сөзінде Ілияс Қыдыров жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Оны жәбірленуші деп танылған туыстары да құптады, бірақ "қылмысты әдейі жасамаса да, жол ережесін өрескел бұзғаны бас бостандығынан айыруға себеп болды" деді судья.

Үкімді тыңдауға тәртіп сақшылары шақырылды. Себебі жақындарынан айырылған сотталушы бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Өзге әріптестеріне де сабақ болсын деген ниетпен, сотқа полицейлер де шақырылыпты.

Еске салайық, қайғылы оқиға осыдан бір жарым ай бұрын болған. "Фольксваген" көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші Қобда ауданындағы Әлия ауылының маңында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігіне соғылған. Көлікте жүргізушінің анасы мен өгей әкесі, ағасының екі баласы мен туған бауыры болыпты. Олар оқиға орнында көз жұмды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз