Шерзат Полаттың отбасына уақытша баспана беріледі

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облысының әкімдігі баспанасы өртеніп кеткен Шерзат Полаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Сонымен қатар оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, марқұм Шерзат Полаттың отбасының үйінде 2024 жылғы 12 қазанға қараған түні өрт шыққан еді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз