Көкшетау полицейлері есірткі жеткізумен айналысқан елордалық азаматты ұстады

Сурет: polisia.kz
Көкшетау полицейлері есірткі жеткізумен айналысқан елордалық азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамыз айында Ақмола облысының жедел уәкілдері Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны өңірге есірткі жеткізетіні жөнінде ақпарат алды. Бұрын ер адам есірткі сатқаны үшін сотталған,  алайда болған оқиғадан сабақ алмаған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында есірткі сатушы қонаққа барған досының пәтерінде ұсталды. Тінту шаралары кезінде ұсталған адамнан 1 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 8 қазанда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес ер адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды