"Түркістан-Антитеррор-2024": жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Сурет: Түркістан облысының әкімдігі
Бүгін Шымкент қаласындағы "Ақтас" оқу-дала орталығында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен "Түркістан-Антитеррор-2024" жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Іс-шараның барысында ескерту жүйелерін жетілдіру, штабтың лаңкестік сипаттағы қауіптерге жауап беруге дайындығы, лаңкестік салдарын барынша азайту мен жою мәселелері пысықталады.

Жедел топтар қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды, шартты түрде сотталған лаңкестермен келіссөздер ұйымдастыру, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату бойынша және лаңкестерді залалсыздандыру операциясын жүргізеді.

Осыған байланысты облыс және қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма