СҚО-да екі полицей тұрғынды өрт кезінде құтқарып қалды

Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов өрт кезінде батылдық танытқан екі патрульдік полицейді марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қазанға қараған түні Петропавл полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторлары Санат Еменалин мен Ерлан Тайланов Жұмысшы кентіндегі үйлердің бірінде шыққан өртті байқап қалған.

Өрт аумаққа тез тарап кеткен. Тәртіп сақшыларының жылдам әрекеттері уақытша салынған үйдегі адамдардың бірін құтқаруға мүмкіндік берді.

Ұйқыдан оянған көршілермен бірге полиция қызметкерлері Еменалин мен Тайланов өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өртті ауыздықтау бойынша шаралар қабылдады және оқиға орнында болды.

Қабдұлдинов батыл полицейлерге грамоталар табыс етіп, олардың ата-анасына арналған алғыс хаттарға да қол қойды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды